Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің екі тұрғынында cібір жарасы анықталды

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: Eva Marie Uzcategui/Bloomberg via Getty Images

Шымкенттің екі тұрғынына қауіпті жұқпалы ауру – сібір жарасы диагнозы қойылды. Екі адам да ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, науқастар ағайындылар көрінеді. Екі ер адам да аурудың тері түрімен ауырады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Туыстары мал өсірумен айналысқаны белгілі. Мамандар қазірдің өзінде инфекцияның ошағын іздеп жатыр. Дәрігерлердің болжамына сәйкес, ер адамдар мал сойған кезде де, табиғи жолмен де жұқтыруы мүмкін.

Алайда, ағайындылардың өздері бұл нұсқаны жоққа шығарады: олардың айтуы бойынша, олар жай ғана өз фермасындағы жануарларды баққан.

Эпидемиологтар қазірдің өзінде мал басын қарап шықты. Олардың дені сау.

Сондай-ақ, телеарнаның хабарлауынша, 20-дан астам адам ауру жұқтырғандармен байланыста болған. Олардың барлығы дәрігерлердің мұқият бақылауына алынды.

"Біздің ойымызша, мал сою кезінде жұққан, өйткені ауру жануарлардан жұғады. Оның үстіне, бұл сібір жарасының терілік түрі екені белгілі.
Біздің Шымкент қаласы, сондай-ақ Түркістан облысының жақын аудандары сібір жарасы үшін қолайсыз. Себебі стационарлық қолайсыз нүктелер бар, – деді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы Балқұмыс Мұсаева.

Еске салсақ, Шымкент қаласында пойыз бен “Mercedes-Benz” маркалы автокөлігі соқтығысты. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оған қоса, Шымкентте жасанды тыныс алу аппараттарын 20 млн теңгеден сатып алуға жол бергендер жазалануы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875707-symkentti-eki-trgynynda-cibir-zarasy-anyktaldy/

pixel