Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Навальный Путиннің "өзі улануы мүмкін" деген нұсқасына жауап берді

Опубликовано:

Навальный ауруханада
Фото: instagram.com/navalny

Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путиннің оппозиционердің "Новичок" уымен өзі улануы мүмкін деген нұсқасына пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана комадан шыққан саясаткер Instagram парақшасында өздігінен "Новичок" уымен улануы туралы болжамға баға берді.

"Жақсы нұсқа. Меніңше, жоғары бағаға әбден лайық. Ас үйде "Новичокты" дайындадым. Ұшақта құтыдан ұрттап алдым. Комаға түстім. Оған дейін әйеліммен, достарыммен және әріптестеріммен келістім, егер денсаулық сақтау министрлігі мені Германияға емдеуге апаруды сұраса, оған жол бермеулері керек еді", – деп жазды Навальный.

Оппозициоер нәтижесінде "Омск ауруханасында көз жұмуды" көздегенін жеткізді.

"Бірақ Путинді олай оңай алдай алмайсың. Нәтижесінде мен ақымақ секілді 18 күн комада жатып шығып, дегеніме жете алмадым. Арандатушылығым сәтсіз аяқталды", – деп түйіндеді ол.

Жақында француздың Le Monde басылымы Владмир Путин мен Эммануэль Макронның әңгімесін жариялады. Дереккөздің мәліметінше, Ресей президенті Навальныйдың байқаусызда у ішіп, уланып қалуы мүмкін деген болжам айтқан.

Еске сала кетсек, Алексей Навальный жағдайы нашарлаған кезде Омсктен Мәскеуге қарай ұшқан. Ол дәретханаға кіріп, сол жерде оның денсаулығы нашарлағаны хабарланған.

Ұшақ Омскке шұғыл қонған. Блогерді ауруханаға жеткізіп, ол комаға түскен.

Жазылғаннан кейін Навальный өз еліне қайта оралуға ниетті екенін жеткізді. Ол неміс прокурорымен әңгімелесу барысында осы туралы баяндапты. Одан бөлек, оппозиционер тергеуде Ресеймен ынтымақтастық жасаудан бас тартқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1875739-navalnyj-putinni-zi-ulanuy-mmkin-degen-nskasyna-zauap-berdi/

pixel