RU

Өткен тәулікте елімізде коронавирустан қанша адам қайтыс болды

аурухана1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте 4 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болса, ковидтік пневмониядан көз жұмғандар 1 тамыздан бері алғаш рет тіркелген жоқ.

Бір тәулікте 76 адам қаіпті вирус жұқтырып, 364 адам пневмонияға шалдыққан

13 наурыздан бері республикада 107 450 пациентте коронавирус диагнозы расталып, 1 707 науқас қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері 31 532 науқас пневмонияға шалдығып, 345 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 524 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 1 868 науқас жатыр. 1 656 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Пациенттердің арасында 101 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 14 науқас хәл үстінде жатыр. 20 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте 76 қазақстандықтан коронавирустық инфекция анықталды.

Жалпы республика бойынша COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 107 450 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы көпбейінді медициналық орталығының дәрігер-инфекционисі Эльмира Әбішева COVID-19 бен тұмаудың айырмашылығы жайлы және олардан қалай сақтануға болатынын айтып берген еді.

Дәрігер науқастың коронавирусқа қарағанда тұмаудан тезірек жазылатынын алға тартты. Пациент небәрі бірнеше күннің ішінде сауығып шығуы мүмкін. Ал COVID-19 инфекциясы кезінде адам күн өткен сайын әлсірей береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875741-tken-tulikte-elimizde-koronavirustan-kansa-adam-kajtys-boldy.html