Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анджелина Джолидің трансгендер қызы қайтадан нәзік жанды атанды

Опубликовано:

джоли б
Джоли балаларымен. Фото: instagram.com/jolies_01

Голливуд жұлдыздары Бред Питт пен Анджелина Джолидің жынысын өзгерткен 14 жастағы қайтадан қыз кейпіне келе бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін өзін ер бала секілді киініп, шалбар киіп жүрген жұлдызды жасөспірім Шайло қайтадан өзгере бастапты.

Актриса балалырмен бірге бірер күн бұрын батыс Голливудта көзге түскен. Паппарация жасаған фотоларда Шайло-Джоли Питтің жынысын ауыстыруы терапиясынан кейін қызға ұқсай бастаған.

Шайло бұрын ер балаша шашын тым қысқа етіп тастаса, бұл жолы бұрымы өскен. Сондай-ақ, ол қысқа шолақ шалбар-белдемше киген.

Осыдан соң көпшілік Шайло ұл болудан айнып қалды деп топшылаған.

Бұған дейін Анджелина Джоли қызына гормоналды дәрі қабылдауға рұқсат бергенін айтөан еді. Актрисаның сөзінше, оның қызы кішкентай кезінен нәзік жанды болудан бас тартқан.

2019 жылы журналистер Шайлоның қыздан ұл кейіпке айналуына көмектесетін гормоналды препараттар қабылдай бастағанын білген.

Джоли бұрынғы сұхбаттарының бірінде өзі де, күйеуі де қызының бұл шешіміне қарсы болмағанын айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бред Питт Анджелина Джолиден айнымайтын арумен көңіл қосқанын хабарладық.

Актердің 27 жастағы модель Николь Потуральскимен Франция әуежайында кездесіп жүрген сәтін куәгерлер фотоға түсіріп алған.

Айта кетейік, Питт пен Анджелина Джолидің ортақ алты баласы бар. Олар 11 жыл бірге тұрып 2019 жылы ажырасуға бел буады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875750-andzelina-dzolidi-transgender-kyzy-kajtadan-nzik-zandy-atandy/

pixel