Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ғалым 13 айлық күнтізбе жасап шығарды

Опубликовано:

күнтізбе 13
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада жаңа күнтізбе таныстырылды, оған сәйкес бір жыл 13 айдан тұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

13 айлық күнтізбе жобасы "Ғаламдық жаңалық" конференциясында талқыланды. Іс-шараға "Хабар 24" телеарнасының тілшісі қатысты.

Белгілі болғандай, ерекше күнтізбені академик Сайлыбай Бекболатов жасап шығарған. Ол ежелгі түркілердің кезеңдік күнтізбесіне сүйенген.

Қазіргі таңда бүкіл әлем дерлік Григориан күнтізбесін қолданады. Алайда кейбір ғалымдардың пікірінше, оның ғылыми негізі жоқ.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов телеарна тілшісіне мәлім еткендей, 1923 жылдан бері күнтізбе реформасы бойынша арнайы халықаралық комитет қызмет етеді. Ол Ұлттар лигасы жанынан құрылған. Осы жылдардың ішінде аталған комитетке төрт жүз күнтізбе жобасы ұсынылған, алайда олардың бірде-біреуі қабылданбады.

"Бүгін біз 401-ші жобаны ұсынамыз. Бұл – бүкіләлемдік, тұрақты, өзгермейтін күнтізбе", – деп атап өтті Ахметов.

Айта кетейік, үкімет қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке бекітілді. Енді қазақстандықтар 10 тамызда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күнін атап өтетін болды.

Жарияланған құжатқа сәйкес, 10 тамыз Абай күні болып бекітілді. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 10 тамыз үкімет қаулысымен мереке болып жариялағанына қарамастан, ол демалыс күні болып саналмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875752-kazakstandyk-galym-13-ajlyk-kntizbe-zasap-sygardy/

pixel