Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел, жаңбыр, үсік: Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

ауа райы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктерің болжамына сәйкес, бүгін еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні - секундына 15-20 метр.

Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны - секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді.

Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 23 метрге дейін болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны - секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Бүгін Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 25 метрге дейін.

23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны - секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.

Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. 23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны - секундына 15-20 метр, кей жерлерде - секундына 28 метр болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазгидромет 22-24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875763-zel-zabyr-sik-elimizdi-11-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel