Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заң жобасын қабылдады

Опубликовано:

сыйлықтар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс депутаттары жемқорлыққа қарсы заң жобасына түзетулер енгізуге келісті. Осылайша, құжатты парламент толық қабылдап, енді мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Жанат Жарасовтың айтуынша, сенат енгізген өзгерістер заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейтінін және мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұнын нашарлатпайтынын айтты.

"Бас комитетінің отырысында түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған байланысты мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады", - деді депутат.

Айта кетейік, өткен аптада құжат сенатта қаралған. Сол кезде депутат Андрей Лукин бұл құжатта сыйлықтар беруге, мемлекеттік қызметшілерге кез-келген құнды қызмет көрсетуге тыйым салынғанын айтты.

Бұл тыйым олардың отбасы мүшелеріне де қатысты. Сонымен бірге, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды иеленетін шенеуніктерді, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сатып алуға қатысатын тұлғаларды сыбайлас жемқорлық субъектілері санатына жатқызу ұсынылады.

Еске сала кетейік, сенат спикері Нұрлан Әбдіров учаскелік полицейлердің жоғары лауазымды шенеуніктер келгенде негізгі жұмыстарынан жүйелі түрде алшақтайтындығына шағымданғанын айтқан еді.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1875769-parlament-seneunikterge-syjlyk-beruge-tyjym-salatyn-za-zobasyn-kabyldady/

pixel