Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстанда түрмеде отырған 6 адам жер асты жолын қазып, қашып кеткен

Опубликовано:

түрме 987
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алты жаза өтеуші жер асты жолын қазып, Дағыстанның №2 түзету мекемесінен қашып кеткен. Бұл туралы Ресейдің федералдық қылмыстық-атқару қызметінің өңірлік басқармасы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Үңгір сейсенбі күні тексеріс кезінде анықталған.

"Бірден жаза өтеушілердің санағы жүргізілді, оның барысында алты адамның жоқ екені анықталды", – деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Қашқындарды іздестіруге Дағыстан бойынша федералдық қылмыстық-атқару қызметі басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Уақытша іздеу бекеттері құрылып, бағдарлар берілді.

"Ізін суытпай резервтік топтар мен іздеу топтары жіберілді", – деп хабарланды ведомстводан.

Өңірлік басқарма басшысы Андрей Поляков оқиға орнына аттанды.

"360" телеарнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, колониядан қашқан жаза өтеушілердің 8-ден 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылғанын мәлім етті. Олардың екеуі "кісі өлтіру" бабы бойынша сотталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда WhatsApp мессенджері арқылы қатаң режимдегі колониядан жаза өтеушілердің қашып кеткені туралы хабарлама тараған. Онда аса қауіпті үш қылмыскердің түзету мекемесінен қашып, қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүргені айтылған еді. Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды

Сондай-ақ үш жыл бұрын колониядан қашқан қылмыскердің Алматы облысында ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875770-dagystanda-trmede-otyrgan-6-adam-zer-asty-zolyn-kazyp-kasyp-ketken/

pixel