Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері әскерлер мен нысандарды бүркемелеуді пысықтайды

Опубликовано:

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің 150-ге жуық әскери қызметшісі мен 30 әскери және арнайы техникасы дала жиындарына қатысуда.

Зениттік атқыштар арнайы нормативтерді орындайды. Сонымен қатар, әскерлер мен маңызды нысандарды шартты қарсыластың әуе шабуыл соққыларынан қорғау мәселелерін пысықтайды.

Әуе шабуылына қарсы қорғанысты жүргізу жөніндегі міндеттер бөлімшелердің жылжымалы зениттік зымыран кешендерін және ЗУ-23-2 зениттік қондырғыларын қолданады.

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі)
«Жиын барысында әскери қызметшілер зениттік артиллерияны ату курсының теориялық ережелерін жақсы меңгергенін, тактикалық және арнайы дайындық бойынша нормативтерді көрсетеді. Әсіресе, Ақтау гарнизоны әскери қызметшілерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді», - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы подполковник Асхат Мұхаметқалиев.

Далалық жиындар батарея құрамындағы отты басқару бойынша жаттығуларымен және штаттық қару-жарақтан жауынгерлік оқ атумен аяқталады. Зениттік бөлімшелердің командирлері үшін, бұл әскерлерді жауынгерлік әзірлікке келтіру кезінде, сондай-ақ жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау мен жүргізуде басқарудың құнды тәжірибесі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1875777-ue-sabuylyna-karsy-korganys-blimseleri-skerler-men-nysandardy-brkemeleudi-pysyktajdy/

pixel