Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабырғамды сындырды": Аяусыз соққыға жығылған әйел күйеуінен құтқаруды сұрады

Опубликовано:

тұрмыстық зорлық-зомбылық 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Павлодарлық келіншектің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын қоғам белсендісі Әсел Әбішева өзінің Facebook парақшасында жазды. Тәртіп сақшылары ұрып-соғу фактісі бойынша тергеуді бастады. Әлеуметтік желідегі жазбаға өңірлік полиция департаментінің басшысы назар аударған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның күйеуімен ажыраса алмай жүргеніне жарты жыл болған, қазір екеуі бірге тұрмайды.

Ер адам ресми түрде ажырасуға келісім бермей жүрген көрінеді. Бөлек кеткен жағдайда ортақ балаларының өзімен бірге қалатынын айтып, шарт қойған.

"Бұған дейін қабырғаларымды сындырған. Басымнан нелер өткенін елестету де қиын. Анам да опық жеген. Соның барлығы баланың көз алдында болды", – деп жазды әйелдің оқиғасын Әсел Әбішева.

Қазіргі уақытта жәбірленуші ауруханада жатыр. Жарақаттары оның көру қабілетіне кері әсер беруі мүмкін. Қабағы жыртылған, көз алмасына зақым тиген. Өзі болса күйеуінің органдарда танысы барын айтып, істі жаба салу мүмкіндігінен қорқатынын жеткізді.

Қоғам белсендісінің жазбасына облыстық полиция департаменті назар аударған. Оқиғаға ПД басшысы пікір білдірді.

"Сіздің өтінішіңіз тіркелді. Павлодар қаласының полициясы тексеріс жүргізуде. Міндетті түрде жұбайына қатысты шара қолданылады. Әсел Әбішева, қиын өмірлік жағдайда әйелдерге көмек көрсететініңіз үшін рақмет. Жәбірленушінің телефон нөмірін маған жеке жазып жіберсеңіз", – деп жазды өңірлік ПД басшысы Нұрлан Мәсімов.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда ішімдікке сылқия тойған ер адамның бейтаныс әйелді ұрып-соққанын жазған едік.

Сондай-ақ бұдан бұрын Түркістан облысында келіні мен енесінің төбелесіп қалғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875811-kabyrgamdy-syndyrdy-aausyz-sokkyga-zygylgan-jel-kjeuinen-ktkarudy-srauda/

pixel