RU

Павлодарда дәріні заңсыз насихаттаған дәрігер қыруар айыппұл арқалады

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодар облыстық соты Павлодар облыстық полиция департаментінің емханасымен аурухананың невропатологын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Сот анықтағандай, 2020 жылы 12 мамырда коронавирус инфекциясының таралуы кезінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды насихаттау мақсатында дәрігер жұмыс орнында "Vitaman" ЖШС фармацевтикалық компаниясының дәрі-дәрмектерін сатқаны үшін компания өкілінен 4000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды этикалық тұрғыдан насихаттау ережелері өндірушілердің, дистрибьюторлардың немесе дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы уәкілетті өкілдерінің медициналық және фармацевтикалық қызметкерлермен жұмыс уақытында және жұмыс орнында жеке байланыстарына тыйым салады.

Әкімшілік соттың шешімімен жоғары санатты невропатолог Б. әкімшілік кодекстің 424-бабы 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекет кірісіне 194 460 теңге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Павлодар облыстық соты шағымның дәлелдерін тексеріп, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын өзгеріссіз қалдырды, ал шағым қанағаттандырылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875813-pavlodarda-drini-zasyz-nasihattagan-driger-kyruar-ajyppl-arkalady.html