Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің көлігін өртеді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көлік өртенді1
Көрнекі фото: pixabay.com

33 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полицияға 28 жастағы астаналық келіншек хабарласқан. Оның айтуынша, 21 қыркүйекке қараған түні белгісіз ер адам үйдің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін өртеп жіберген.

Күдік көлік иесі 3 жыл азаматтық некеде тұрған 33 жастағы ер адамға түсті.

Әйелдің айтуынша, күдікті бұған дейін көлігін өрттеймін деп қорқытқан. Оның үстіне жәбірленуші ер адам бірге тұрғанда ер адам жиі жанжал шығарып, тіпті оны ұрып тастаған көрінеді.

Бірнеше ай бұрын учаскелік инспектордың бір айлық қорғаныс бұйрығы шыққаны және тәртіп бұзылған жағдайда барлық салдарын түсіндіруі де бұған дәлел.

Бірақ бұл оған тосқауыл болмапты, өткен айдың басында ол тәртіп бұзған. Нәтижесінде сот оны бір тәулікке қамауға алып, бір жыл мерзімге ерекше талап қойды.

Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізуде. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін 19 жастағы қыз үйленемін деген уәдесін бұзған жігітінің көлігін өртеп жібергені туралы жазған едік.

Айта кеткен жөн, Өскеменде таныс қызының көлігін өртеп жатқан азамат камераға түсіп қалды. Қазір оның қолға түскені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875823-elorda-trgyny-bryngy-sjiktisini-kligin-rtedi-degen-kdikke-ilindi/

pixel