RU

Екібастұздық 13 жастағы маникюрші інісінің өлімі туралы ақпарды жоққа шығарды

фото
Фото: instagram.com/arulat_ekibastuz

Екібастұзда тұратын 13 жасар Арулат есімді маникюрші жақынының өлімі туралы желіде тараған қауесетке байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

13 жастағы Арулат өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Онда жас маникюрші жалған ақпаратты скриншот арқылы көрсеткен.

Жазба мәтінінде баланың ағасының өлімі туралы хабарланып, оның жақындарына көңіл айтылыпты.

"Жігіттер бұл шектен шыққандық. Мұны маған "Вконтактеде" жіберді. Әлдекім тағы да жалған ақпарат таратып жүр. Менің құрметтілерім, бізде бәрі дұрыс, бауырымның жағдайы жақсы. Ешкім өлген жоқ және өлуге де дайындалып жатқан жоқ", - деді ол.

Баланың анасы Сания Рахимова болса, мұндай жалған ақпараттардың жиі кездесетінін айтты. Оның сөзінше, қазірдің өзінде отбасы мұндайға назар аудармауға тырысады. Әйел науқас ұлының жағдайы бірқалыпты екенін жеткізді.

Айта кетсек, Екібастұзда тұратын 13 жасар Арулат есімді маникюрші бала өзі туралы желіде тараған жалған ақпаратқа байланысты пікір білдірген еді.

Instagram-пабликтердің бірінде Арулаттың суреті жүктелген жазба пайда болған. Жазба авторлары жеткіншекті сыныптастары маникюр жасайтыны үшін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізе жаздағанын жазған.

Науқас інісінің емі үшін қаражат жинау мақсатында маникюр жасаумен шұғылданатын жеткіншек бұл ақпаратты жоққа шығарды. 13 жасар Арулат бұл жайтқа қатысты бейнехабарламасын өз желі парақшасына жүктеген.

Ол желі парақшаларын ақтарып отырғанда өзі туралы жазбаны кездейсоқ көріп қалғанын айтты.

"Есеңгіреп отырмын, сыныптастарымның қатысы қанша, өзіме қол жұмсау туралы әңгіме де болған емес. Бұл жалған. Менде сіздер барсыздар - менің жазылушыларым, менің көмекшілерім, перизаттарым. Сендер менің ең үлкен тірегімсіңдер. Бекарыс есімді інім бар, отбасым, жұмысым, қызығушылықтарым, сүйікті ісім бар. Ондай қолдау барда қайдағы өзіне қол жұмсау? Есеңгіреп отырмын, ренжіп қалдым", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875841-ekibastzdyk-13-zastagy-manikursi-inisini-limi-turaly-akpardy-zokka-sygardy.html