RU

Алматыда кім үй жағдайында тұмауға қарсы тегін екпе ала алады

қауіпті дерт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында тұмауға қарсы екпе жасалады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің сайтындағы онлайн-сұхбат барысында №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жамиля Баттақова айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тіркелген тұрғындарға вакцинациялау туралы дәрігер қарт адамдарға, мүгедектерге және емханаға бару мүмкіндігі жоқ адамдар үшін үйде мобильді топтар қызмет ететіндігін атап өтті.

"Емханаларға бару мүмкіндігі болмаған жағдайда мобильді топтар науқастарды аралайды. Мобильді топтар дәрігермен және медбикемен бірге жүреді, олар барлық қажетті ережелерді сақтайды. Осылайша, вакцинация процедурасын үйде өткізуге болады", - деп түсіндірді Ж.Баттақова.

Міндетті түрде барлық науқастар қарсы көрсеткіштердің бар-жоғын анықтау үшін дәрігерде қаралады. Әрі қарай вакцинация процедурасын арнайы дайындалған медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

Бүгінгі күні №24 Қалалық емханасында 1712 адам тұмауға қарсы екпе алды, оның ішінде 12-сі үй жағдайында.

Кім тұмауға қарсы екпені тегін ала алады:

- эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар;

- жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар;

- жүктіліктің екінші немесе үшінші кезеңіндегі жүкті әйелдер;

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушылар;

- мемлекеттік мекемелердің медициналық қызметкерлері;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары, балалар үйі;

- медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар;

- алты айдан асқан жиі ауыратын балалар;

- тергеу изоляторларында отырған адамдар.

Тегін екпе адамның тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жасалады.

Жалпы, Алматыда коронавирус пандемиясына байланысты вакцинаның ақысыз егуге арналған дозаларының саны 130-дан 430 мыңға дейін ұлғайтылды.

Естеріңізге сала кетейік, дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтқан еді.

Айта кетейік, Алматылық кәсіпкер коронавирус індетінен қалай қорғанғанын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875848-almatyda-kim-j-zagdajynda-tmauga-karsy-tegin-ekpe-ala-alady.html