RU

Лукашенко жасырын түрде инаугурация өткізіп, президент қызметіне кірісті

Лукашенко
Фото: РИА Новости / БелТА / Андрей Покумейко

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

РИА Новостидің жазуынша, Тәуелсіздік сарайында Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лукашенкоға мемлекет басшысының куәлігін тапсырған.

Тоғызыншы тамызда елде президент сайлауы өтіп, Александр Лукашенко 80,1% дауыс жинаған. Бұл көрсеткіш Беларусь халқының шамына тиіп, бір айдан астам уақыт бойы Минск пен өзге де қалаларда наразылық акциялары тыйылар емес.

Сайлау нәтижесін әділ емес деп есептейтін Светлана Тихановская да саяси додаға қатысқан. Ол және оның серіктестері билікті бейбіт беру жөніндегі үйлестіру кеңесін құрған. Алайда Лукашенко мұны мойындамай, өз саясатын жүргізуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, президент Лукашенконың үлкен ұлы әрі ұлттық қауіпсіздік бойынша президенттің көмекшісі Виктор Лукашенко елдегі митингілерге қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ, президент Лукашенко елдің саяси белсенділерімен кездесуінде мәлімдеме жасады. Жаңа Конституцияның соңғы жобасы референдумға шығарылады.

"Бүгін қоғамдық және саяси өмірге жаңа серпін беретін уақыт келді. Біздің мемлекет болашақта қандай болу керек, оның мемлекеттік құрылымы туралы біртұтас көзқарас қалыптастыру маңызды. Бұл Конституция", – деді Беларусь басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875850-lukasenko-zasyryn-trde-inauguracia-tkizip-prezident-kyzmetine-kiristi.html