RU

Қазақстан Ливанға гуманитарлық көмек ретінде 100 мың доллар аудармақ

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан үкіметі гуманитарлық көмек ретінде Ливанға қаражат аударуды жоспарлап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасап.

Қазақстан үкіметі Қаржы және сыртқы істер министрлігіне Ливан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының төтенше резервінен 100 мың доллар көлемінде қаражат бөлуді тапсырды.

Бұл ақшаның 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан аумағында және басқа мемлекеттерде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін қарастырылғандығы хабарланды.

Енді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі банктік шотқа ақша аударуы керек, ал Қаржы министрлігі олардың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан Павлодар облысына гуманитарлық көмек жеткізілген еді.

Сондай-ақ, айта кетейік, Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді. 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты келген болатын.

Гуманитарлық көмекке медициналық маскалар, қорғаныш киімдері, медициналық мақсаттағы бұйымдар кіреді. Қазақстандағы бірыңғай гуманитарлық көмек операторы "СК-Фармация" ЖШС болып табылады.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көршілес мемлекеттің гуманитарлық жүктері Қазақстанға коронавирусқа қарсы бірлескен күрес туралы келісімдер аясында келіп жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875871-kazakstan-livanga-gumanitarlyk-kmek-retinde-100-my-dollar-audarmak.html