RU

Шымкентте түнде гүл сатқан жасөсірімдер ұсталды

Полицей
Фото: newtimes.kz

Шымкентте жасөспірімдер түнгі уақытта Бәйдібек би ескерткішінің жанында гүл мен шарлар сатумен айналысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі Бәйдібек би ескерткішінің аймағында түнгі уақытта жасөспірімдер гүлдер мен шарлар сатып жүр деген ақпарат жиі жарияланады.

Осы орайда, 21 қыркүйекте Бәйдібек би ескерткіші аумағында Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізді.

Нәтижесінде жасөспірімнің анасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабының 1-бөлігі бойынша белгісіз жерде сауда жасағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды.

Сонымен қатар, бұл ауданда рейдтік іс-шаралар күн сайын түнде өткізіледі.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерсіз үйден тыс жерден тауып алғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынатынын еске салады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тоғыз жыл бұрын Маңғыстауда жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылған еді.

Айта кетейік, Павлодар облысы Ленин кентіндегі көші-қон қызметінің қызметкерлері 2015 жылдан бері іздестіріліп жүрген 40 жастағы ер адам табылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875876-symkentte-tnde-gl-satkan-zassirimder-staldy.html