Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддер қаласының әкімі болып Дмитрий Горьковой тағайындалды

Опубликовано:

фото
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Риддер қаласының әкімі болып Дмитрий Горьковой тағайындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дмитрий Горьковой бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған. Шаһардың жаңа басшысын қала активіне Даниал Ахметов таныстырды.

Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

Ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (құқықтану) және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (қаржы және несие) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады. 2015 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалған еді. Ал бұрынғы қала басшысы Нұрлан Әубәкіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, осы аптаның басында бірнеше жыл бойы оңтүстік астанадағы ауданға басшылық етіп келген Мақсат Кикимов Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары қызметіне ауысты.

Оның Сапарбек Тұяқбаевтың орнына келгені белгілі болды.

Кикимов банк ісі, Алматы экономика және статистика  академиясын және "Тұран" университетін тәмәмдаған. 

Жалпы еңбек өтілі 13 жылды құрайды. Оның 6 жылын мемлекттік қызметте атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875895-ridder-kalasyny-kimi-bolyp-dmitrij-gorkovoj-tagajyndaldy/

pixel