Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев биологиялық қару бойынша халықаралық агенттік құруды ұсынды

Опубликовано:

вакцинааа
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы кезінде биологиялық қауіпсіздікпен айналысатын жаңа халықаралық орган құруды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Кемелұлының ойынша, қазір биологиялық қаруды бақылу жүйесін жасау мен іске қосу өзекті болып отыр.

Қазақстан басшысы жаңа арнайы орган - Биологиялық қару бойынша халықаралық агенттік құруды ұсынды. Ведомство БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне есеп беретін болуы керек.

Айта кетсек, мемлекет басшысы бүгін Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 75 сессиясында сөз сөйледі.

Сондай-ақ президент БҰҰ мінберінен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жайында айтты.

"Қазақстан экономикалық жағынан қуатты, демократиялық тұрғыдан дамыған және әрбір азаматтың қажеттілігін қанағаттандыруға мән беретін "халық үніне құлақ асатын мемлеке" құруға ниетті. Осыған орай біз барша халқымыздың мүддесіне сәйкес дамуға тың серпін беретін саяси және экономикалық тұрғыдан ауқымды реформаларды іске асыра бастадық.

Біз жала жабуды қылмыстық іс аясынан шығарып, саяси партиялар мен бейбіт шеру жөнінде жаңа заңдар қабылдадық. Өмір сүруге және адамның қадір-қасиетіне деген іргелі құқықты жүзеге асыру мақсатында Өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қосылу жөнінде шешім қабылдадық", - деп атап өтті мемлекет басшысы. Ч

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1875919-tokaev-biologialyk-karu-bojynsa-halykaralyk-agenttik-krudy-syndy/

pixel