Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы түнгі клубтардың бірінде карантинге қарамастан 70 адам көңіл көтерген

Опубликовано:

кубно
Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Елордалық полицейлер түнгі клубта жиналып, карантин режимін бұзғандар туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы 4 жарымдарда полция бөліміне "Алания" түнгі клубының жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат түскен.

Ғимаратқа полиция жасағы аттанған. Тәртіп сақшылары келген кезде клубта 70 адам болыпты. Олардың кейбірі барда болса, енді бірі билеп тұрған.

Келушілер ешқандай санитарлық нормаларды сақтамаған. Жастар ғимарат ішінде медициналық маскасыз жүрген. Әлеуметтік қашық мүлдем сақталмаған.

Осы дерек бойынша материалдар ереже бұзғандарды жауапқа тарту үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармасына жіберілген.

Полицияның айтуынша, бұған дейін аталған ғимарат басшылығы карантин режимін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетсек, Өскеменде тексерушілер той өткізіп жатқан мейрамхананы анықтағанын жаздық.

Алайда олар бір қонақтың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенше ішке кіре алмапты. Осы сәтте даяшылар дастарханды жинап үлгерген. 30 шақты адам есіктен шығып, басқалары терезеден секіріп кеткен.

Айта кетейік, елімізде карантинге байланысты той тойлауға рұқсат берілмесе де, қазақстандықтар көпшіліктің басын қосып, жиын өткізулерін қояр емес. Тіпті олардың қатарында лауазымды шешеуніктер де бар.

Мәселен, Маңғыстау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова көпшілікпен бірге туған күнін атап өткені хабарланған еді.

Кейінірек, Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкері - энергетика басқармасының бас маманы Жанболат Жақыповтың да тойда жүрген видеосы тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875922-nr-sltandagy-tngi-klubtardy-birinde-karantinge-karamastan-70-adam-kil-ktergen/

pixel