RU

Қазақстанның қай өңірінде коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандар көп

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған қазақстандықтарға қатысты жаңа статистика шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сoronavirus2020.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, 22 қыркүйектегі аймақтар бойынша ауырғандардың саны:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 3845
  • Алматы қаласы - 3072
  • Шымкент қаласы - 732
  • Ақмола облысы - 934
  • Ақтөбе облысы - 1281
  • Алматы облысы - 1530
  • Атырау облысы - 1392
  • Шығыс Қазақстан облысы - 4382
  • Жамбыл облысы - 1747
  • Батыс Қазақстан облысы - 1045
  • Қарағанды облысы - 2101
  • Қостанай облысы - 2815
  • Қызылорда облысы - 901
  • Маңғыстау облысы - 877
  • Павлодар облысы - 1877
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 1164
  • Түркістан облысы - 1472.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда карантин режиміне қарамастан 70 адамның түнгі клубта көңіл көтергені анықталды.

Таңғы 4 жарымдарда полция бөліміне "Алания" түнгі клубының жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат түскен.

Келушілер ешқандай санитарлық нормаларды сақтамаған. Жастар ғимарат ішінде медициналық маскасыз жүрген. Әлеуметтік қашық мүлдем сақталмаған.

Айта кетейік, елімізде карантинге байланысты той тойлауға рұқсат берілмесе де, қазақстандықтар көпшіліктің басын қосып, жиын өткізулерін қояр емес. Тіпті олардың қатарында лауазымды шешеуніктер де бар.

Мәселен, Маңғыстау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова көпшілікпен бірге туған күнін атап өткені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875926-kazakstanny-kaj-irinde-koronavirus-belgileri-bar-pnevmoniamen-auyrgandar-kp.html