Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды тұрғыны 22 жыл құлдықта болғанын айтып, жанұшыруда (видео)

Опубликовано:

Әйел
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Қарағанды тұрғыны Ақтоғай ауданында 22 жыл бойы құлдыққа жегілгенін айтып, жанұшыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ақтоғай ауданына жақсы өмір, тоқшылық пен велосипед үшін барған Қарағанды тұрғыны жастық шағын құлдықта өткізуге мәжбүр болғанын айтуда деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Алайда өмірінің 22 жылы құлдықта өткенін әйел дәлелдей алмай келеді.

Әйелдің айтуынша, ол балалар үйінен кейін бірден құлдыққа тап болған. Бүгінде жасы 39-ға келген әйел фермада тұрғанын, сексуалдық зорлық көріп келгенін және аяусыз соққыға жығылып келгенін есіне алды.

Айтуынша, оны таяқпен ұрып, шәйнекпен денесін күйдірген, бүйректерінен тепкен. Қашуға тырысқанында тас жолға қарай 30 шақырым қашықтықты еңсерген әйел жарты жолда ұсталып қалған екен.

Нәтижесінде құлдықта жүріп қызы мен екі ұлын дүниеге әкелген. Қорқынышты күндер аяқ асты артта қалады. Себебі, бір күні адам саудасы бойынша мекемеаралық комиссия ауданға келіп қалған. Олар әйелді тауып алып, құтқарады.

Полицияда әйел бәрін баяндап бергенімен, ферма қожайындары кінәсін мойындамай қойған. Олар әйелге ақша төлеп отырғандарын, қамауда ұстамағандарын алға тартқан.

"Заңсыз еркіндіктен айыру" бабы бойынша іс тоқтатылады. Құқық қорғаушылар өткен жылда Қарағанды облысында мұндай бес істің жабылып қалғанын айтуда.

Белсенді топ полицейлерден құлдықта ұстау фактісін мойындап, тергеуді дұрыстап жүргізуді талап етуде.

Жақында әйелдің ісі қайта қаралатын болды. Әйел жаңа өмір бастауға тырысуда. Аспазшы мамандығын меңгеруге кіріскен ол ақша ұстауға үйреніп жүр. Ұлдары әйелді ана деп атай бастаған.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда 22 қызды ұрлап, секс-құлдықта ұстаған қылмыстық топ мүшелері сотталғанын жазған едік.

Одан бөлек, Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ адам ағзаларын заңсыз трансплантациялағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875931-karagandy-trgyny-22-zyl-kldykta-bolganyn-ajtyp-zansyruda-video/

pixel