Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір өңірінен құс тұмауы анықталды

Опубликовано:

Құс тұмауы
Көрнекі фото: pixabay.com

23 қыркүйек күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Трофиовка ауылынан құс тұмауы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш өңірде карантин жарияланған. Мұндай шешімге ауыл әкімі ауданның мелекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының анықтамасынан кейін келген.

Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Мақашевтің айтуынша, құс тұмауынан өңірде 158 бас үй құсының көзі жойылған.

"Бүгінде мамандар дертке шалдыққан барлық үй құстарын жойып жатыр. Олардың Трофимовкадағы жалпы саны 1800 басты құрайды. Барлық қажетті карантиндік шаралар қолданылып, ауыл тұрғындарына дертті жұқтыру қаупі бары түсіндірілді", - дейді Мақашев.

Ол ауылда құстардың қырылу фактісі соңғы үш тәулікте тіркелмегенін алға тартты. Ауылда барлығы 18800 бас құсқа вакцина салдырып жатыр.

Павлодар облысы
Фото: pavlodarnews.kz

Одан бөлек, Павлодар облысының Ақтау ауданынан құс тұмауы тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы құс тұмауы адамға құспен контактіге түсу, құс етін, жұмыртқасын жеу барысында жұғуы мүмкін екенін ескертуде. Адамнан адамға вирус жұқпайды.

Еске салсақ, бұған дейін біз Ақмола облысының тағы үш ауданында құстар қырыла бастағанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылғанын жазған едік. Облыстың жеке шаруа қожалықтарында 220 құстан тұмау анықталған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875943-elimizdi-tagy-bir-irinen-ks-tmauy-anyktaldy/

pixel