Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындар жақындарына жақындай алмайды

Опубликовано:

Әйел1
Көрнекі фото: piqsels.com

Әйелін ұрып-соғуға құмар тирандар енді жақындарымен бір ай кездесу құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында таныстырылған заң жобасында көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министірлігінің дерегінше, өткен 8 айда отбасыннан қорлық көргендерден 130 мың арыз түскен. Депутаттарда тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың көбейгеніне алаңдаулы, деп хабарлайды AstanaTV арнасы.

"Балаларға тамақтарын тауып бермейді. Өзіме жұмысқа шық деп айтады. Ақша тауып бер дейді. Ішіп келіп ұрады. Күйеуім ғана емес, енем де қайныларым да ұрады. Біз бөлек шығып кеттік, бөлек шығып кетсек те бізге үйге келіп қырғын шығарады, енем бәрі",– деді "Қамқорлық" дағдарыс орталығының тұрғыны Раушан.

Биылғы жылдың өзінде тұрмыстық зорлық зомбылық құрбаны болған 130 мың адам арызданыпты. Бірақ кейін оның 80 пайызы райынан қайтып, арызынан бас тартқан.

"Осы жылдың 8 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мың арыз түсті. 2,5 мың арыз бойынша қылмыстық іс қозғадық. 30 мыңға тарта әкімшілік өндіріс басталды, қалған жағдайларда жәбірленушілер арыздан бас тартты. Сондықтан біз де ешқандай шара қабылдай алмадық",– дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

Құқық қорғаушылар кешірімге жол бермеу керек дейді. Осыған орай жаңа жобаны таныстырды. Енді әйелі, не ері таяқ жеген жағдайда өзара кешірім жасай салу деген болмайды. Шақыртумен барған учаскелік полицей жәбірленушінің арызынсыз-ақ шешім қабылдауға құқық бермек.

"Яғни қорғау ұйғарымын қабылдайды. 30 күн ішімдік ішуге, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушілерге жақындауға, оларды аңдуға тыйым салынады. Қорғау ұйғарымын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, Әкімшілік кодекстің 461-бабы бойынша қамауға алынады", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

Депутаттар отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған жәбірленушілерді қорғауды күшейту үшін полицейлердің өкілеттігін кеңейтуді ұсынып отыр.

Әлішер ӨМІРЗАҚ

Еске салсақ, павлодарлық келіншектің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын қоғам белсендісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді.

Оған қоса, 16 тамызда Исфисор ауылындағы өз үйінің ауласында жүрген 42 жастағы әйел қайын атасымен жанжалдасып қалған. Сөйтіп ашуға булыққан келін егде жастағы ер адамды таяқпен ұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875954-trmystyk-zorlyk-zombylykka-baratyndar-zakyndaryna-zakyndaj-almajdy/

pixel