RU

Қабырғадағы қара нүктенің не екенін сұраған әйел шошып кетті (фото)

Қабырға
Фото: vinegred.ru

Facebook желісінің қолданушысы үй қабырғасында пайда болған қара нүктелердің не екенін ұқпай, жұрттан ақыл сұрады. Сұрағына жауап алған әйел шошып қалғанын айтуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ас үйінде белгісіз себептермен қабырғада қара нүктелер пайда бола бастағанын байқаған әйел біраз уақыт оның не екенін түсінбей бас қатырады. Ақыры жауап таппай, желі қолданушыларының көмегіне жүгінуді жөн санаған ол көп ұзамай күтпеген жауап алады.

Қабырға
Фото: vinegred.ru

Ол «Mrs Hinch’s Cleaning Tips» атты Facebook-тобына қара нүктелердің суретін жүктейді.

"Бұл не екенін кім біледі. Олар асүйдің қабырғаларында және менің жеке компьютерімнің бетінде пайда бола бастады", - деп көпшілікке сұрақ қояды ол.

Желі қолданушылары бірауыздан бұл қара дақтар алып өрмекшінің дәреті екенін айтқан.

"Өрмекшінің дәреті. Оны жуып тастау еш қиындық тудырмайды. Жақын маңнан өрмекшінің мәуесін де табуыңыз ғажап емес", - деп жауап қатты желі қолданушыларының бірі.

Десе де мұндай қара дақтарды шыбындар қалдырады деп санайтындар да табылған.

Нүкте
Фото: vinegred.ru

Үйінде алып өрмекші жүруі мүмкін екенін естіген әйел қорқып қалғанын жасырмады.

Сол арада «Pest Guidance» сайты өрмекшілердің осылай артынан қара дақ күйінде дәретін қалдыратынын растап берді.

Еске салсақ, бұған дейін әлемді аузына қаратқан "жасыл үйден" тұрғындар не себепті безіп жатқанын жазған едік.

Одан бөлек, Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875971-kabyrgadagy-kara-nkteni-ne-ekenin-sragan-jel-sosyp-ketti-foto.html