RU

Тараз тұрғынының үйінен жасырын қару-жарақ қоймасы табылды

Қару-жарақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Тараз полициясы жергілікті тұрғынды қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз иемденді, сақтады, алып жүрді деген күдікпен ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қыркүйекте полицейлер Мәмбет батыр көшесінде 42 жастағы жергілікті тұрғынды оның құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларына өтіп бара жатқан адамның шамадан тыс толқуы күдік тудырған. Олар жеке заттарын тексеру мақсатында рюкзагын ашуды сұраған, онда 12 калибрлі ИЖ-18 маркалы кесілген бір ұңғылы мылтық, төрт 12 калибрлі патрон және "АК-47" жазуы бар пышақ табылды.

Полиция қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бабы бойынша (Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кейін полицейлер күдіктінің үйін тінтті.

Үйден табылып, тәркіленгендер тізімі:

  • "ИЖ-18ЕМ-М" маркалы 12-калибрлі бір ұңғылы мылтық;
  • 12 калибрлі қарудың 19 патроны;
  • қорғасыннан жасалған кастет;
  • 9 түрлі көлемдегі қолөнер пышақтары;
  • ұрып ұсатуға арналған қаруға айналдырылған 4 металл құбыр;
  • шалғы мен қаруға белбеу.

Күдікті Тараздағы тергеу абақтысына қамалды. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде тараған видеоға жауап берді. Бейнежазбада депутаттардың шетелге қар-жарақ сатуға қатысы бары айтылған.

Оған қоса, БҰҰ-ның Ливияға қару-жарақ тасымалдауға тыйым салу туралы ережені бұзуына байланысты қазақстандық үш авиакомпанияның жұмысы тоқтатылды. Қазақстан ИИДМ бұл жағдайға егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875981-taraz-trgynyny-jinen-zasyryn-karu-zarak-kojmasy-tabyldy.html