Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Опубликовано:

Фото
Фото: "Алма ТВ" ЖШС

Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлау ісі бойынша сот талқылауы аяқталды. Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Прокурор 11 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны түпкілікті тағайындауды, мүлкін тәркілеуді, материалдық жауапкершілікке байланысты коммерциялық және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыруды, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуді сұрады", - деп хабарлады сотта. 

Bank RBK басқармасының бұрынғы төрағалары Игорь Мажинов пен Марпа Жақубаева үшін, сондай-ақ Qazaq banki бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим үшін мемлекеттік айыптау 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны сұрады.   

Батық Ибрагим кінәсін мойындап, қылмыстық істі тергеуге жәрдемдесіп, 17,3 миллиард теңге шығынның орнын толтырды.

Игорь Мажинов 37,2 млн теңгені қайтарды.

Марпа Жақубаева Bank RBK басшылығынан 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде алынған "бонустар" (сыйлықақылар) түрінде жәбірленуші тарапқа келтірілген материалдық зиянды 100,2 миллион теңге мөлшерінде өтеп берді.

Аталған іс бойынша сотталушылар орындығында барлығы 37 адам болды. Прокурор олардың 36-ын кінәлі деп тануды сұрады. Сотталушылардың бірі қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін оңтүстік астанада бұрынғы қазақстандық банкир Жомарт Ертаев басты күдікті ретінде қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты сот басталғанын хабарлағанбыз.

Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдіктелді. Бас прокуратураның баспасөз қызметінде хабарланғандай, Жомарт Ертаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (Қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету арқылы жымқыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылуда.

Алматыда мекемеаралық жедел-тергеу тобы экс-банкир әрі "Алма-ТВ" ЖШС-нің бас директоры Жомарт Ертаевты құрықтамақ болған. Алайда, Ертаев дер кезінде ізін суытқан.

2018 жылы мамыр айында банкирді ресейлік құзырлы орған өкілдері тұтқындаған болатын. Бірақ алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Ертаевты кейінірек босатып жіберген.

Кейінірек Қазақстанның Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады.

Алдыңғы сот отырысында Жомарт Ертаев өз кінәсін толық мойындады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875984-prokuror-zomart-ertaevty-11-zylga-bas-bostandygynan-ajyrudy-srady/

pixel