RU

Елімізде КВИ мен пневмониядан тағы 5 қазақстандық қайтыс болды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан болған тағы 5 өлім оқиғасы тіркелді. Төрт адам коронавирус инфекциясынан көз жұмса, тағы бір науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

24 қыркүйектегі ресми статистика бойынша өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға тағы 228 адамның шалдыққаны белгілі болды. Бұл ауыр дертті еңсере алмай, кеше бір науқас көз жұмды.

Өткен тәулікте КВИ белгілері бар пневмониядан айығып шыққандардың саны көбейген жоқ.

1 тамыз бен 24 қыркүйек аралығындағы пневмонияға қатысты жалпы статистикалық мәліметтер мынадай:

Ауырғандар: 31 760 адам;

Айығып шыққандар: 26 805 адам.

Пневмония статистикасы
Фото: Coronavirus2020.kz

23 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан тағы 104 қазақстандық жазылып шығып, төртеуі қайтыс болған.

"COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комитеттің" Telegram желісіндегі ресми арнасында КВИ-ге шалдығудың әлі 3495 белсенді дерегі бар екені хабарланды. Олардың ішіндегі 36 адам кәмелетке толмағандар болып шықты.

Қазіргі таңда стационарларда 2810 науқас ем қабылдап жатыр. Тағы 1685 қазақстандықтың емі амбулаторлық түрде жүргізілуде.

Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде өткен тәулікте тағы 79 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875986-elimizde-kvi-men-pnevmoniadan-tagy-5-kazakstandyk-kajtys-boldy.html