RU

Вайнер Артур Асқарұлы мен Индира Еділбаеваның кездесіп жүргені рас па

Артур Асқарұлы Индира Еділбаеваны құшақтап тұр
Фото: Instagram/archibaaalt

Instagram желісі арқылы қалың көпшілікке танылған вайнер Артур Асқарұлы соңғы кезде уақытын әнші Индира Еділбаевамен жиі өткізіп жүр. Қос жұлдыз түрлі жобалар мен түсірілімдерге тек бірге ғана түсе бастады. Бұл жайт желі қолданушыларының назарына ілінбей қалмады. Олар жастардың арасында махаббат сезімі бар екенін юолжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желідегі көпшіліктің мұндай пікіріне Артур мен Индираның жеке парақшаларындағы ортақ фотолар мен видеолар да себепші болған. Олар күлкілі бейнежазбалар мен қатар, нәзік сезімге толы суреттермен де бөлісіп тұрады.

Оқырмандар қауымы олардың ортақ фотоларының астында әркез қызу талқы ұйымдастырып жатады. Онда қос жұлдыздың жанкүйерлері оларға қатысты сан түрлі пікірлер қалдырады. Бірі Артур мен Индираның қыз бен жігіт болып жүргеніне қатысты болжамын айтса, енді бірі оларды барынша қосуға талпынып отырады.

"Өте жарасымды жұп. Мадленге қарағанда Индира жақсы, тәрбиелі" , "Меніңше, екеуі кездесіп жүргенге ұқсайды. Бір-біріне ғашық көзімен қарап отырады ғой", "Артур Индираға ерекше қарайды. Екеуің қосылып, жұп болсаңдаршы. Жарасасыңдар" , "Артур Индираның қасында сондай бақытты. Махаббаттарың баянды болсын" , "Тәтті жұп, Жасырып жүр, негізі бұрыннан кездесіп жүр" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Индира Еділбаева "Украина дауысы" атты музыкалық жобаға қатысып, барша көрермендерді таңдай қақтырған болатын. Әнші ару доданың финалына дейін өткенімен, жеңіске жете алмады.

Байқаудан кейін елге оралған бойда сұхбат берген ол жеке өміріне қатысты тың мәліметпен бөлісті. Бойжеткен қарым-қатынасы енді басталып жатқанын ашып айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875993-vajner-artur-askarly-men-indira-edilbaevany-kezdesip-zrgeni-ras-pa.html