Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: 735 қазақстандық азамат шетел түрмелерінде отыр

Опубликовано:

абақты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің бас прокуратурасы қазіргі уақытта қанша қазақстандықтың шетелде жазасын өтеп жүргенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Сүйіндік Алдашевтің дерегінше, қазіргі уақтта шетелде 831 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Өткен жылы елге 28 адам экстрадацияланған. Ал жыл басынан бері 10 адам жазасын Қазақстанда өтеп жатыр.

Алайда бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бұл статистиканың өзгергенін хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 735 адам шетелде қамауда отыр. Олардың

Марат Ахметжановтың айтуынша, Ресеймен сотталғандарды ауыстыру туралы келісім бар және сол жерде жазасын өтеп жатқан азаматтар бұл құқықты пайдалана алады. Сондай-ақ, Ресей билігі экстрадациялаудан бас тарта алады.

2019-2020 жылдары ресейлік билік үш адамды беруден бас тартқан. Бас прокурордың айтуынша, егер сотталушылар келтірген зиян өтелсе, олар бізге осындай мүмкіндік береді.

Ал Өзбекстан түрмелерінде 24 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Сәйкесінше, біздегі түзету мекемелерінде 400 Өзбекстан азаматы отыр.

"Біз қазір Өзбекстанмен сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасуды жоспарлап отырмыз. Егер мұндай келісім жасалған болса, онда біз өзара аударым жасау мүмкіндігіне ие боламыз. Жалпы, мұндай келісімдер 68 елмен жасалды. Қазір біз жеті шартқа қол қоямыз, содан соң ратификациялауға келеміз", - деді ол.

Айта кетсек, бүгінгі күні сенаторлар сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы келісімдерді ратификациялаған.

Еске сала кетсек, кеше парламент шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

Сондай-ақ, сенат спикері Нұрлан Әбдіров учаскелік полицейлердің жоғары лауазымды шенеуніктер келгенде негізгі жұмыстарынан жүйелі түрде алшақтайтындығына шағымданғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876007-bas-prokuratura-735-kazakstandyk-azamat-setel-trmelerinde-otyr/

pixel