RU

Қостанай облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

Құс1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанай облысында құс тұмауының өршуіне байланысты үш аудан карантинге жабылды. Ветеринарлар қазір үй-үйді аралап, ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Костанайские новости" сілтеме жасап.

Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарына карантин жарияланды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім-жітім байқалмайды.

"Ыстық нүктелер" Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол ауылы және Меңдіқара ауданы Красная Пресня болды.

Барлығы 384 құс өлген, олардың барлығы жеке фермаларда ұсталды. Ұшаларын өртеп жіберген.

Осы үш ауданда карантин 21 күн бойы жалғасатын болады, ал осы жерден құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынады. Осыдан кейін құстардан анализдер алынады, егер диагноз расталса, шектеулер ұзартылады.

Самат Қалиевтің айтуынша, облысқа қазірдің өзінде 21 мың доза дәрі жеткізілген, вакцинация басталды.

Еске салсақ, 23 қыркүйек күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Трофиовка ауылынан құс тұмауы тіркелді.

Оған қоса, Ақмола облысының тағы үш ауданында құстар қырыла басталды. Құстардың қандай себеппен қырыла бастағаны әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876013-kostanaj-oblysynda-ks-tmauyna-bajlanysty-karantin-engizildi.html