Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты

Опубликовано:

Фото
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттамаға қол қойған.

Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде жария етті.

Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін жеткізген.

2019 жылдың желтоқсанында президент елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырды.

"Бұл халықаралық құжатқа қол қою өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану президенттің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен толығымен тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876014-kazakstan-resmi-trde-lim-zazasynan-bas-tartty/

pixel