RU

Zoom-мен сабақ өтіп жатқан сәтте әйелді қандықол қылмыскер атып кетті

Оқушы
Фото: ru.oxu.az

АҚШ-та оқушы Zoom-мен сабақ өтіп жатқан сәтте асүйде жүрген әйелге оқ жаудырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, қайғылы жағдай Висконсин штатының Милуоки қаласында орын алған. Тоғызыншы сынып оқушысы Zoom бейнеконференциясымен сабақ өтіп жатқан сәтте қылмыскер көрші бөлмедегі әйелге оқ жаудырыпты.

Бейнеконференцияда отырған өзге оқушылар мен мұғалім атыс дыбысын естіп, шошыған деп жазады NBC News.

Мұғалім бейнеконференцияға қосылып отырған оқушылардың бірінің үйінде атыс болып жатқанын бірден түсініп қойыпты. Ол дереу оқушының үйінің мекенжайын анықтап, полиция шақыртады.

Қылмыскер
Фото: ru.oxu.az

Кейін анықталғандай, қандықол қылмыскер 45 жастағы Марио Стоукс есімді азамат болып шыққан. Тергеу болжамы бойынша, ол өз әпкесі болып келетін 52 жастағы Мишель Блэкмонды асүйде жүрген сәтінде атып тастаған.

Әйел беті мен басынан бірнеше оқ жарақатын алғаннан оқиға орнында қаза тапты. Болжамға сәйкес, әйел інісінен үйден келесі күні кетуін талап еткеннен кейін жанжал туындаған.

Стоукс қамауға алынды. Ол бұған дейін де қару сақтағаны үшін істі болып, психикалық ауытқулары болғасын, бостандыққа жіберіліпті. Ал үйдегі қыз баланың әйелге кім болып келетіні айтылмаған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қарағандыда ұрлыққа түскен адам ұйықтап жатқан үй иесіне шабуылдағанын жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан тұрғыны үш адамға пышақпен шабуыл жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876033-zoom-men-sabak-tip-zatkan-stte-jeldi-kandykol-kylmysker-atyp-ketti.html