RU

"Қызғандым": Блогер Zheka анасы екінші рет тұрмысқа шығатынын айтқанда қандай әсерде болды

Zheka Fatbelly анасымен
Фото: Видеодан кадр

Ғаламтор көмегімен халыққа Zheka Fatbelly лақап атымен танылған блогер Жеңіс Омаров әкесі өмірден өткен соң, бастапқыда анасының өзге ер адамдармен араласуына түбегейлі қарсы болған. Ол тіпті анасының қасына ешкімді жолаттырғысы келмеген. Алайда, есейе келе бәрін түсініп, оның жақсы азаматты жолықтырғанын қалаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Омаров анасына тіпті танысуға арналған қосымша жазып берген болып шықты. Бұл туралы белгілі блогер НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты.

Zheka анасының бақытты болғанын қалап, оған өзге ер азаматтармен сөйлесуіне рұқсатын бергенімен оның екінші мәрте тұрмысқа шығуына мүлдем дайын болмаған. Анасы оған некелеспекші екенін айтқанда, вайнер қатты таңғала не деп жауап берерін білмеген.

Бірақ, кейіннен анасы оның қандай әсерде боларын тексеру мақсатында пранк жасағаны белгілі болды.

"Әкеміздің кеткеніне біраз уақыт өтті. Ол кезде мен 17 жаста едім. Басында "біреу жақындап көрсін, өлтірем" деп ойлайсың. Сосын есейесің, қарайсың. Әйелге басты нәрсе бақыт. Бала, немере, бақыт керек. Мен мамаға "танысыңыз, сөйлесіңізғ үйленіңіз" дедім. Мен оны қолдайтынымды айттым. Арнайы танысатын қосымша жазып бердім. Соның арқасында ол ватсап желісінде біреулермен байланыста болды.Бірақ, ол қосымшаға шетелден келіп, ЖОО-да білім беретін ұстаздар секілді өзге елдің білімді азаматтары ғана кіретін. Әйел затын қолында аялап ұстайтын америкалықтар" , - деді ол.

Оған қоса, Жеңіс Омаров бүгінде анасының екінші рет тұрмыс құруына қарсылық білдіріп жүрген жігіттерге үндеу жасады. Ол аналардың бақыты үшін қырсықтықты қойып, оларға қолдау білдіру керектігін айтты.

"Қазір шешелерінің қасында отырып, ешкімді жолаттырмай отырғандарға айтарым: Аналарың бақытты болсын десеңдер, сөйлессін, бақытты болсын. Ол жан жарасын сақтап жүруге болмайды. Анам екеуміз сырласпыз, бәрін талықлаймыз. Маған анам тұрмысқа шығам дегенде қадамдары ұнамады. Менімен таныстырмай, ескертусіз айта салғаны жынымды келтірді. Іштей бәрібір қызғанады екенсің. Еркексің ғой, жүрегің ауырады екен. Анам солай алдағанда шок болдым. Ол кісі менің түрімді көріп жылағысы келіп кеткен" , - деді вайнер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876040-kyzgandym-bloger-zheka-anasy-ekinsi-ret-trmyska-sygatynyn-ajtkanda-kandaj-serde-boldy.html