Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұханов Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Ақорда
Көрнекі фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мақсат Мұхановты қызметінен босатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының үкімімен Мұханов Мақсат Нұрдәулетұлы Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мұханов 1967 жылы Алматыда дүниеге келген. Абай атындағы қазақ педагогикалық университетін және Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін "Тарих, әлеуметтік ғылымдар және құқық пәнінің оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әртүрлі жылдары ол Индустрия және сауда министрінің көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметінің қаулысымен Людмила Витальевна Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, бүгін Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалған еді. Ал бұрынғы қала басшысы Нұрлан Әубәкіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, осы аптаның басында бірнеше жыл бойы оңтүстік астанадағы ауданға басшылық етіп келген Мақсат Кикимов Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары қызметіне ауысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876046-mhanov-prezident-kimsiligini-blim-megerusisi-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel