Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнгі наразылықтардан кейін Беларусь халқы жолдарды жауып тастаған

Опубликовано:

Машина1
Минсктегі кептелістер. Фото: news.tut.by

Лукашенконың жасырын инаугурациясынан кейін Беларусьте тағы да жаппай наразылық акциялары өтті. Енді беларусьтер тізбекке тізіліп, жолдарды жаба бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейсенбі күні таңертең Беларусь астанасында қзын-сонар кептелістер басталды. Көлік жүргізушілері толығымен тоқтап немесе төмен жылдамдықпен жүреді, деп жазады Tut.by.

Осыдан кейін желіде жолда тұрған екі адамның видеосы пайда болды, олар да көлік қозғалысына кедергі жасауға тырысқан. Біреуін жол полициясы ұстады.

Минскінің Маяковская көшесінде адамдар ынтымақтастық тізбегінде сап түзеді. Өз кезегінде Еуроодақ Дипломатиясының басшысы Беларусьпен қарым-қатынасқа шолу жасайтынын жариялады.

"Осыны ескере отырып, 2020 жылы 23 қыркүйекте ұлықтау рәсімі және Александр Лукашенко жариялаған жаңа мандат жеткілікті демократиялық заңдылыққа ие емес", – деді Хосеп Боррелл.

Еуроодақ елдерінің басшылары, АҚШ, Канада және Беларусь оппозициясының өкілдері ұлықтау рәсімін Лукашенконың жаңа президенттік мерзімін мойындамай, заңсыз деп атады.

Еске салсақ, Беларусьте Лукашенконың ұлы әрі ұлттық қауіпсіздік бойынша президенттің көмекшісі Виктор Лукашенко мотожарыс қатысты. Мемлекет басшысының үлкен ұлы елдегі митингтерге қатысты пікір білдірді.

Айта кеткен жөн, қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери күштердің Беларуське не үшін жіберілгенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876071-tngi-narazylyktardan-kejin-belarus-halky-zoldardy-zauyp-tastagan/

pixel