Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағамнан қызғанамын": Жеңгесімен ойнас болған 25 жастағы жігіт жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Оқиға
Көрнекі фото: pixabay.com

25 жастағы есімі жасырын болып қалған жігіт өзінен үш жасқа кіші жеңгесімен көңіл жарастырыпты. Туған ағасының ту сыртынан кездесіп жүрген қос ғашық бірге бас қосуды аңсап жүр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Сырласу" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға авторының сөзінше, ол өзінен екі жасқа үлкен ағасының әйеліне көз тіккен. Айтуынша, ол тіпті, жеңгесін ағасынан қызғанып, өзін қоярға жер таппайтын.

"Жеңгем үйіміздің босағасын аттағалы бері ақыл-есімді жаулап алды. Оны күндіз түні ойлап тұрамын. Маған жымия қараса болды, елжірей кетемін. Жеңгемді ағамнан қызғанамын. Екеуінің түнде бөлмелеріне кіріп бара жатқанын көріп, мүлде жынданып кете жаздаймын. Төсекте қосылатындарын ойласам, тіпті есім кетеді. Сондай сәттері ағамның жоқ болып кеткенін қалап кетемін. Оның орнында болғым келеді", - дейді ол.

Көп ұзамай жас жігіт жеңгесінің көңілінің өзіне ауғанын аңғарыпты. Айтуынша, ғашығы оған көз салып, қос ғашық көп ұзамай көңілдес атанған.

"Уақыт өте келе жеңгемнің маған өзгеше қарайтынын байқадым. Ағам жоқта мені иығымнан, қолымнан ұстап, құшақтайтынды шығарды. Әрине, мен онысына қатты қуандым. Ойым бірден “ол мені ұнатып қалды” дегенге сайды.

Расымен көп ұзамай жеңешеммен оңашада қалып, бір-бірімізге деген сезімімізді ұялмастан ақтаратын болдық. Өмір деген расымен де қызық екен. Осыдан біраз уақыт бұрын сүйгенімнің жанында болуды армандайтынмын.

Екеуіміз қандай да бір сылтау тауып, үйдегілерден оңаша кездесуге тырысамыз. Ағам жеңгемді өзі маған табыстап қояды", - деп ақтарылды ол.

Ер азаматтың айтуынша, ол іс насырға шаппай тұрғанда жеңгесіне үйленіп алуды жоспарлап отыр екен.

"Оның ағамнан кетіп қалғанын қалаймын. Оған өзім үйленсем деймін. Барлық нәрсенің шегі бар ғой. Бір күні үйдегілерге ұсталып қалып, масқарамыз шыға ма деп тағы уайымдаймын", - деді жас жігіт.

Естеріңізге сала кетейік, 35 жасында он тоғыздағы жігітке тұрмысқа шыққан әйел өзегін өртеген өкінішін айтты.

Сондай-ақ, айта кетейік, өзінен бес жас кіші жігітке ғашық болған ару жан сырын ақтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876086-agamnan-kyzganamyn-zegesimen-ojnas-bolgan-25-zastagy-zigit-zan-syryn-aktardy/

pixel