RU

Міндетті емеспіз: Лукашенко жасырын инаугурация өткізді деп айыптағандарға жауап берді

белбасы1
Фото: © РИА Новости / БелТА

Беларусь президенті Александр Лукашенко өзін жасырын түрде инаугурация өткізді деп айыптағандарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кеше алдын ала хабарланбай, Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысының инаугурациясы өтті. Лукашенкоға президент куәлігі табысталған.

"Беларусь заңына сәйкес, біз батыс елдерінен ешкімді және жалпы біреуді ескертуге (инаугурация туралы - ред.) міндетті емеспіз... Инаугурацияға әскерилерді қосқанда екі мыңдай адам шақырылғанын білесіздер. Мұны құпияда сақтау мүмкін емес", - деді Лукашенко.

Республика жетекшісінің айтуынша, кейбір көрші мемлекеттер бұл мәселеде сындарлы емес позицияны ұстанған.

"Көршілер Құдайдан, олар таңдалмайды және біз бірге өмір сүруге, дос болуға тиіспіз. Алайда үнемі олай болмайды екен. Көрші мемлекеттер, әсіресе Польша, олардың қандай позиция ұстанғанын білесіздер. Кешегі инаугурацияның өзінде-ақ біз поляктарға, литвалықтарға, украиндарға, чехтарға немесе басқаларға бұл іс-шараны өткізетіндігімізді хабарламағанымызға қандай да бір наразылық немесе шағымдары бар", - деді Лукашенко.

Еске сала кетейік, кеше Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне ресми түрде кірісті.

Содан соң, бүгін белоруссиялықтар жаппай наразылықтарға шығып, тіпті автокөлік жүретін жолдарды жауып тастаған. Соның салдарынан Минск көшелерінде ұзын-сонар кептеліс пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876088-mindetti-emespiz-lukasenko-zasyryn-inauguracia-tkizdi-dep-ajyptagandarga-zauap-berdi.html