RU

Ол жұлдыз болады: America's Got Talent продюсері Төлешоваға қолдау білдірді

төлешовааа
Фото: instagram.com/tuleshova_daneliya

America's Got Talent шоуының продюсері Джон Пьермарини отандасымыз Данэлия Төлешовға қолдау көрсетіп, желіде жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемге әйгілі America's Got Talent шоуының продюсер Джон Пьермарини Instagram парақшасында жас әншіге қолдау көрсетіп, жазба қалдырды.

"Үш жыл бұрын мен Данэлияның видеосын көріп, оның жұлдыз болатынын түсіндім, бұл тек уақыттың еншісінде. Тым кеш болмай тұрғанда сенімен жұмыс істегеніме қуаныштымын!
Мен саған үлкен үміт арттым және сен мен күткеннен де асып түстің. Мен саған алдағы барлығына сәттілік тілеймін және бұл өте керемет боларына сенемін (менің үнемі дұрыс айтатынымды білесіздер)", - деді шоудың продюсері.

Өз кезегінде Данэлия Төлешова да продюсерге алғыс айтып, Instagram парақшасында жазба жариялаған.

"Джон, осы саяхат үшін үлкен рахмет. Конкурс кезіндегі қолдауыңызға рахмет. Осы сөздердің барлығы үшін рахмет. Рахмет!", - деді жас әнші.

Еске сала кетсек, Данэлия әйгілі конкурстың финалына дейін өтіп, өкінішке орай жеңіске жете алмаған. Бірінші орын ақын Брэндон Ликке бұйырған.

Әлемге танымал America"s Got Talent шоуының финалы Лос-Анджелесте болды.

Айта кетейік, бұған дейін Данэлия Төлешова America"s Got Talent финалында әлемді таңдай қақтырғанын жазған едік.

Одан бөлек, Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында тыңдармандарын тағы бір мәрте тәнті еткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876101-ol-zldyz-bolady-americas-got-talent-produseri-tlesovaga-koldau-bildirdi.html