RU

Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлағандар сотта соңғы сөзін айтты

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қару-жарақ арсеналын ұрлады деп айыпталғандар сотта соңғы сөздерін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы жылдың ақпан айында әскери қызметші Абылай Балғынбай өзі қызмет еткен әскери бөлімнен қашып кетті. Ол жоғалғаннан кейін 30-ға жуық автомат пен 30 тапаншаның жоқ болып кеткені анықталды. Ол сол күні ұсталды.

Сот алдына 8 адам келді. Олардың арасында Абылай Балғынбаймен қатар Қанағат Орынбек, Шыңғыс Шатаев, Санжар Бекжан, Бауыржан Дамиров, Бағдәулет Арын, Шадияр Қамбар, Бағдәулет Мәлік бар.

Жақында прокурор олардың барлығын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Енді сотталушылардың өздері соңғы сөздерін айтты. Олардың бреуі отбасын жалғыз асырап отырғанын, кәмелетке толмаған екі баласының барын айтып, соттан жеңіл жаза сұрады.

"Үйде анам мен балаларым бар. Кінәмді толықтай мойындаймын және жасаған іс әрекетім үшін өкінемін. Мен соттан тиісті жаза тағайындауды сұраймын. Сондай-ақ адамгершілік танытасыздар деген үміттемін", - деді ол.

Осыдан кейін сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім келесі аптада шығады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталған.

Бұдан кейін аймақта әскериді "Ұстау" операциясы жарияланды.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Кейінірек Абылай Балғынбаев қару-жарақты не себепті ұрлағанын түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876109-symkentte-skeri-blimnen-karu-rlagandar-sotta-sogy-szin-ajtty.html