RU

Маңғыстауда жұмысқа белсене кірісіп кеткен жол жөндеушілер газ құбырын байқамай қалған (видео)

Жол
Фото: instagram.com/mangistau_antikor

Маңғыстау облысында автомобиль жолдарының құрылысымен айналысатын мердігерлердің тапқырлығы таңдандырды. Бұл жолы Аташ ауылындағы жол куәгерлердің камераларына түсіріп қалды. Жұмысшылар алаң бойымен өтетін газ құбырын елемей, асфальт төсеуді жалғастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ауылда салынған жолдың нәтижесі видеоға түсіп, әлеуметтік желілерден бір-ақ шықты. Көпшілік бейнероликті WhatsApp арқылы бір-біріне таратуда.

Жергілікті тұрғындар әлдеқандай себептермен жаңадан төселген жабындының бұза бастағанына таңданды.

Жөндеу жұмыстары облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарын аудартып үлгерді. Бөлім ұсынған ақпарат бойынша, құрылысқа жауапты адамдарға хат жолданды.

Түпқараған ауданының әкімдігінде оқиғаға қатысты түсініктеме берілді. Мұнда 23 қыркүйекте сағат 18:30 шамасында мердігерлік ұйымның қызметкерлері "Бек-АқтауГазСнаб" ЖШС-нің газ құбыры арқылы жаңа асфальт төсегені туралы хабарланды.

Ведомство түсініктемесіне сәйкес, бұл телім үшін жауапты маман болмаған уақытта орын алған оқиға.

Осыдан біраз бұрын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жеткізгенов құрылыс компаниясынанормаларды сақтап, газ құбырының екі жағынан 5 метр қалдыу керек екенін ескертті. Алайда құрылысшылар бұл тапсырысты ескермеген.

Сондықтан дәл сол түні мердігер асфальт төсенішін бөлшектеп, алып тастады. Оқиға үшін жауапкершілікті құрылыс компаниясы өз мойнына алды. Ұйым барлық қателіктерді өз есебінен жояды.

Сонымен қатар, газ құбыры "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-нан алынған техникалық талаптарға сәйкес ауыстырылады. Мұнда газ құбыры ауыстырылғаннан кейін жаңа асфальт пайда болады деп хабарлады әкімдіктегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының әкімдігі Шоңжыда салынып жатқан спорт кешенінің құлауы туралы айтты, оның құрылысына 1,1 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ, айта кетейік, осыған дейін Елорданың Алаш тас жолы бойындағы "бүкір көпір" аталып кеткен көпірдің бір жақ шеті опырылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876116-magystauda-zmyska-belsene-kirisip-ketken-zol-zndeusiler-gaz-kbyryn-bajkamaj-kalgan-video.html