Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Опубликовано:

Ақша доллар1
Көрнекі фото: piqsels.com

Аптаның басынан бастап америкалық валюта бағасының өсуі жалғауда. Доллар бір тәулік ішінде 1,3 теңгеге қымбаттап, 426,1 теңгеден сатыла бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының KASE ресми сайтына сілтеме жасап.

KASE-дегі күндізгі сатылым 426,1 теңгемен аяқталды. Бұл бір тәулік ішінде америкалық валюта тағы 1,3 теңгені қосты, ал бір айдың ішінде доллар бірден 8,1 теңгеге қымбаттады деген сөз.

NUR.KZ-тегі валюта бағамдары бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, осы сағатта оңтүстік астананың банктері мен айырбастау пункттері долларды 427,1 - 430 теңгеге сатуда, ал 424,5 - 425,8 теңгеге сатып алуда.

Нұр-Сұлтанда америкалық валютаның құны 428,2 - 430 теңге аралығында тұр. Елордада бір долларды 424,5 - 425,8 теңгеден сатуға болады.

Қазақстанның үшінші мегаполисінде де бағалар дәл осындай. Бір долларды 424,5 -425,8 теңге сатып алуға және 428,2 - 430 теңгеге сатуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская теңге бағамының төмендеуін онлайн брифингте түсіндірген еді. Доллар бір аптада 7 теңгеге қымбаттаған.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің не себепті әлсіреп кеткенін түсіндірді.

Досаевтың мәлімдеуінше, тамызда мұнай бағасының өсуі, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт бөлу шеңберінде Ұлттық қор активтерін конвертациялау және квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімдерінің бір бөлігін міндетті сату бойынша ұзақ мерзімді шаралар теңгені қолдап отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876130-kazakstanda-dollar-tagy-kymbattady/

pixel