RU

Алматыда қызметтік ит жоғалған әйелдің денесін тапты

Ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда қызметтік ит із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің жансыз денесін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұм осы жылдың 9 қыркүйегінде жоғалып кеткен еді. 23 қыркүйек күні іздестіру жұмыстары аясында 5571 әскери бөлімінің жедел батальонының сарбаздары әйелдің жоғалып кетуі мүмкін жерлерді тарады.

Сағат 16:30 шамасында қатардағы жауынгерлер Бекаслан Жолдас пен Азамат Махан, сондай-ақ кинологиялық қызметтің маманы, ефрейтор Еркебұлан Өмірзақов Бутаковка өзенінің арнасының жанында жүрген. Олармен бірге Найтс атты қызметтік ит болды.

Кинолог итке әйелдің киімін иіскетті, содан кейін оны байлаудан босатып жіберіпті. 30 метрдей жүгіргеннен кейін ит тоқтап, кинологқа белгі берді.

Ұлттық гвардия сарбаздары иттің соңынан еріп, жоғалған әйелдің денесін сол жерден анықтапты.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда екі күн бойы іздестіріліп жүрген ер адамның денесі табылды. Ол жоғалып кеткен төрт түліктің соңынан шығып, өзі үйге қайтып оралмаған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде маусым айының басында итті қорлауға байланысты видео тараған болатын. Онда ер адамның итті тұншықтырғаны көрініс тапқан.

Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз. Ер адам жасаған ісіне өкінетінін айтып, әлеуметтік желіде көпшіліктен кешірім сұрады.

Дегенмен итті көлігіне байлап серуендеуге шығып, жануарды қорлаған павлодарлық тұрғынның жауапқа тартылатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876134-almatyda-kyzmettik-it-zogalgan-jeldi-denesin-tapty.html