RU

Біздің 270 мыңнан аса оқырманымыз Instagram-нан қазақ тіліндегі жаңалықтарды оқиды

нуррррр
Фото: NUR.KZ

KAZ.NUR.KZ - NUR.KZ IT-компаниясының қазақ тіліндегі ең ірі қазақстандық жаңалықтар сайты. Сайтқа ай сайын 3 миллионан астам қолданушы кіреді. Ал қазақ редакциясыынң әлеуметтік желідегі оқырмандар саны 700 мыңнан асады. Бүгін біз KAZNUR.KZ сайтының Instagram парақшасы қалай жұмыс істейтінін айтамыз.

KAZ.NUR.KZ порталы NUR.KZ сайтының сыңары емес екенін есте сақтау маңызды. Редакцияның өз саясаты мен ерекшеліктері бар. KAZ.NUR.KZ жаңалықтар порталының аудиториясы 3 млн қолданушыны құрап отыр. Күн сайын сайтта 70-тен астам материал жарық көреді.

2020 жылдың басынан бері KAZ.NUR.KZ сайтын жастардың көбірек оқи бастағанын атап өткен жөн (18-24 жас аралығы). Жастар арасында қазақ тіліндегі контенттің танымалдылығы арта түскені айтарлықтай көрсеткіш. Елімізде KAZ.NUR.KZ жаңалықтарын Алматы, Шымкент, Атырау, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе тұрғындары көбірек оқиды.

KAZNUR.KZ Instagram желісінде

KAZNUR.KZ сайтының Instagram аккаунтына 274 мыңнан аса оқырман жазылған. Парақша әкімшілері оқырмандар үшін жарияланымның бірнеше түрін жасайды. Соның ішінде ең танымалдары - фото және видео қосылған жаңалықтар, инфографикалар, дәйексөздер мен көңіл көтеруге арналған жарияланымдар.

2020 жылдың жаз мезгілінде KAZNUR.KZ парақшасы 30 мың оқырманға өсті. Орташа белсенділік көрсеткіштері жақсы сандарды көрсетті. Жарияланымдардың қамтылуы 87 мыңнан асты, қолданушылар әр материалға кем дегенде 1000 лайк қойды, ал 6 мың адам stories көрген.

Жаз мезгілінде KAZNUR.KZ әкімшілері жаңа формат жасады. Жазбаға тек 2200 таңба сиятындықтан, жаңалықта пайдалы ақпарат көп болса, онда ең тиімді нұсқа - инфографика. Бұл мәтін көлемін азайтып, ең маңыздыларын айшықтауға көмектесті. Біздің инфографикалар жаңалықтардың оқылуын арттырып, оны қолданушылар өздеріне жиі сақтап ала бастады.

нуррр
Фото: NUR.KZ

Жаз мезгіліндегі ең танымал Топ-3 жарияланымдар:

Стамбулдағы Айя-София мешіті туралы жазба 9 мыңнан астам лүпіл мен 90 пікір жинаған.

Ақын және оның шенеуніктер жайлы айтқан сөзі туралы жазба 3 мыңнан астам лүпіл мен 695 пікір жинаған.

Жазушы Құлбек Ергебектің президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған үндеуі жайлы жазба 6 мыңнан астам лүпіл мен 600 пікір жинаған.

KAZNUR.KZ-ке осы жерде жазыла аласыз.

Айта кету керек, KAZNUR.KZ-тің Instagram парақшасының әлеуеті NUR.KZ ІТ-компаниясының клиенттері үшін ашық екенін атап өткен жөн. Серіктестік жөніндегі сауалдар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: +7 707 809 41 70, сондай-ақ e-mail: adv@corp.nur.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876156-bizdi-270-mynan-asa-okyrmanymyz-instagram-nan-kazak-tilindegi-zaalyktardy-okidy.html