RU

Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Ауадағы ылғалдың булану жылдамдығы – коронавирустың таралуына себеп болған негізгі жағдайлардың бірі. Инфекция әдісін модельдеген ғалымдар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Kaz.nur.kz Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Америкалық Физика институтының мамандары теориялық модельдеу мен гидродинамикалық тәжірибелерді қолдана отырып, ылғалдылықтың, қоршаған ортаның температурасы және желдің жылдамдығы құрамында вирус бөлшектері бар сілекейдің ең кішкентай тамшыларының таралуына әсерін зерттеген.

Мамандар булану процесі жұқпалы бөлшектердің таралуы үшін шешуші фактор болатынын анықтады. Сонымен қатар, температура жоғарылап, жылдам булану есебінен ылғалдылық төмендеген жағдайда вирустың өміршеңдігі айтарлықтай төмендейтіні байқалған.

Ал ыстық ауа райында ылғалдылық жоғарыласа, коронавирустың таралу ықтималдығы арта түседі екен.  

"Біз жоғары температура мен ылғалдылықтың төмендеуі сілекей тамшыларының булану жылдамдығын жоғарылататынын анықтадық. Ал бұл вирустың өміршеңдігін айтарлықтай азайтады", – деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Талиб Дбоук.

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижесі пандемияның климаты ыстық әрі ылғалды және халық тығыз орналасқан қалаларда күшею себебін айқындауға көмектескен.

Зерттеу COVID-19 індетінің таралуын болдырмау үшін әлеуметтік қашықтық пен маска киюдің маңыздылығын қолдайтын жұмыстар тізіміне қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876157-galymdar-sildede-koronavirusty-nelikten-ksejip-ketkenin-anyktady.html