Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бейәдеп сөздер де бар": БҚО-да мұғалім жалаңаш отырып видео түсірген

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында ата-аналар TikTok-та әдепсіз видео түсірген мұғалімнің үстінен шағымданды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Январцев орта мектебінде баласы оқитын ата-аналардың сөзінше, меңгеруші қызметін қатар атқаратын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі TikTok-та арнайы эффекттер мен бейәдеп сөздерді қолданып видео түсірген.

Содан кейін аталған роликті желіде жариялағаны белгілі болды. Оқушылар мұғалімнің видеосын тамашалаған.

"Менің қызым телефонды қолынан тастамайды. Қазір TikTok пайда болды, сол жақта бәрі видео жариялайды. МұғаліміTikTok-қа әдепсіз видеолар жүктеген. Ол видеода бейәдеп сөздер де бар, оқытушы кеудесін жалаңаштап тастаған. Оқушылар оны көреді", - дейді ата-ана.

Әйел мұғалім балаларға үлгі болуы қажет деп санайды. Сондай-ақ, оқытушылардың бұндай видео жариялауына қарсы екенін жасырған жоқ.

"Балалардың ата-анасы бұл туралы оқу орнының әкімшілігіне айтты, бірақ ешқандай жауап болған жоқ", - дейді әйел.

Ал Бәйтерек аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин видеоны енді көріп отырғанын жеткізіп, жағдайды реттеуге уәде берді.

"Мектепке барып, жағдайды реттеймін. Мектеп директорымен сөйлестім, ол ата-аналардың бұл мәселе жайында айтпағанын жеткізді. Қандай жағдай болмасын, мұғалім мұндай видео жарияламауы керек. Жалпы мұғалімдер балаларға үлгі болып, әлеуметтік желіге жүктейтін материалдарын бақылап отыруы тиіс", - деді ол.

Ал оқытушы болса бұл видео үшін өкінетінін жеткізіпті.

"Бұның қате болғанын түсінемін және өкінемін. Парақшамды өшіремін. Оқушылар мен әріптестерімнен осы видеоны жариялағаным үшін кешірім сұраймын", - деді мұғалім.

Қазіргі уақытта мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасын өшірді, видео да жойылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ZOOM платформасында математика пәнінен онлайн сабақ уақытында бесінші сынып оқушыларына порно көрсетілгенін жазған едік.

Кейінірек, бүл келеңсіз жағдайға Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева да түсініктеме берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876160-bejdep-szder-de-bar-bko-da-mgalim-zalaas-otyryp-video-tsirdi/

pixel