RU

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының млн теңгелік ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болған

ішік
Көрнекі фото: gtrk-saratov.ru

Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған деп хабарлайды Kaz.nur.kz Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Азамат "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болған", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ұрланған ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінген болатын.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полицияға 28 жастағы астаналық келіншек хабарласқан. Оның айтуынша, 21 қыркүйекке қараған түні белгісіз ер адам үйдің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін өртеп жіберген.

Сонымен қатар, елордада түнгі сағат екіде темекі мен ішімдік іздеген 30 жастағы жігіт дүкен сатушысына тап беріп, оны сабап кеткен.

"30 жастағы елорда тұрғыны мас күйде түнгі екі кезінде дүкенге ішімдік пен темекі алуға шыққан. Дүкеннің жабық тұрғанын көргенімен карантин шараларын пысқырмаған ол есікті қағып, керегін талап ете бастаған. Өз талабының орындалмайтынын көрген ол тіпті терезені тепкілеп, сыртқа шыққан сатушыға тап берген. Осыдан кейін бұзақы қайтып кеткен", - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876161-nr-sltan-trgyny-anasyny-mln-tegelik-isigin-rlap-30-myga-satpak-bolgan.html