RU

Шымкентте 11 айлық бала жантүршігерлік апаттан көз жұмды

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жантүршігерлік апат салдарынан кішкентай бала көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік экскаваторға ұшып кеткен деп хабарлайды Kaz.Nur.kz.

Жол-көлік оқиғасы бақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан арнайы техника жүргізушісінің жол ережесін ескермей бұрылыс жасағаны көрінеді. Осы сәтте көлікке шетелдік көлік соқтығысады.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, апат салдарынан кішкентай бала қайтыс болды. Ол небәрі 11 айлық болған.

Тағы үш адам ауруханаға жеткізіліпті, кейінірек олардың бірі көз жұмған.

"Әйелге жедел түрде бауыр жарылғанына байланысты ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір науқастың жағдайы тұрақты", - деді апаттан зардап шеккендерді қабылдаған медициналық мекеме.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде жол апаты салдарынан 5 жасар сәби қайтыс болған еді.

17 қыркүйек күні Жұмабаев көшесімен Озерная көшесінен Мехколонна көшесі бағытында келе жатқан КамАЗ-65115 автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Сондай-ақ, Алматыда көлік қаққан ер адам ғажайыптың күшімен аман қалған еді. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде кең тарады.

Оқиға Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған. Бейнежазба кадрларынан бір көліктің екінші көлікке жол бермегенін анық көруге болады.

Салдарынан ақ кроссовер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше метрге ұшып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1876178-symkentte-11-ajlyk-bala-zantrsigerlik-apattan-kz-zmdy.html