Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан жазылған алматылықтар психикалық дертке шалдыққан ба

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирустан жазылып шыққандар медициналық оңалту орталықтарына қайта ағылып жатыр. Олардың арасында психикалық тұрғыдан көмекке зәру жандар жетерлік деп хабарлайды Kaz.nur.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Емханада физикалық жаттығулардан бөлек, әр адамның хәліне қарай түрлі курстар бар. Сандуғаш есімді келіншек коронавирус дертінен айыққанымен, үрейінен арыла алмаған. Ол Алматыдағы оңалту орталығына алғашқылардың бірі болып жазылып, қазір жайсыз көңілі қалпына келіпті.

№4 қалалық емхана тамыздан бері Сандуғаш секілді 70 науқасқа көмек берген. Оңалту орталығы түс әлетінен толады. Мұнда келген әр адамға вирус небір әсер қалдырған. Оларға физикалық, психологиялық жаттығу, массаж секілді түрлі ем ұсынылады.

"Әрбір бағдарлама жекелей қаралады. Спорттық жаттығу оңалтудың ең үлкен бөлшегі. Және қосымша бізде массаж кабинеттері бар, инемен емдеу, тыныс алуды емдейтін қосымша тұз шахтасы бар", - дейді № 4 қалалық емхананың реабилитологы Айгүл Сұлтанбек.

Емханада тіркелген науқастар еш кедергісіз осы емнің бәрін тегін қабылдайды.

Тек қолында ПТР-тест қорытындысы болуы шарт. Оңалту курсы орташа он күнге созылады.

Мұнда келуге мүмкіндігі жоқтарға мамандар онлайн жаттығу да өткізеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында әр науқас санатына қарай оңалту орталығына жолдама алады.

"Өте ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырғандар тәулік бойы стационарда екі кезең оңалтуға жатады. Кейіннен үшінші кезеңге ауыстырылады.

Орташа ауыр КВИ, пневмонияны басынан өткізген жандар стационар деңгейінде, оның ішінде санаторияық курорттық жағдайларда, күндізгі стационарда оңалтуға жатқызылады", - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Болат Төкежанов.

Тіркелген емханаға барып, реабилитологтардың қорытындысымен ауру санатына қарай шипажайларға жолдама алуға болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан биыл осындай оңалтуға 46 миллиард бөлініпті.

Шипажай, емхана, тағы да басқа емдеу, демалыс орындары бар жалпы 559 мекемемен келісім-шарт жасалған.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 107 мыңнан асты.

Айта кетейік, ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876191-koronavirustan-zazylgan-almatylyktar-psihikalyk-dertke-saldykkan-ba/

pixel