RU

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміне арналған саундтректі орындады

Димаш
Фото: kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген танымал актер Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмінде басты әндердің бірін орындады деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы.

Әлемді аузына қаратқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі Джеки Чанның фильмінде саундтрек орындайтыны туралы қуанышты хабарды өз табынушыларына желі парақшасында жеткізген.

Димаш Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Джеки Чанның "Авангард" атты фильмі 30 қыркүйек күні прокатқа шығатынын жазған.

"Жақын күндерде Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі жарыққа шығады. Мен аталмыш фильмде басты әндердің бірін орындадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан тамашалаңыз", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетсек, кинолентаның тұсауы Сингапурде кесілмек. Басты рөлдерді Джеки Чан, Ян Ян, Ай Лунь, Мия Муци, Чжу Чжэнтин және өзгелер сомдаған. Картина режиссері - Стэнли Тун.

Әншінің табынушылары бұл жаңалыққа ерекше қуанған.

"Керемет жаңалық", "Балалық шағыңда сені тәнті еткен жандармен жұмыс істегенге не жетсін", "Сені мақтан тұтатынымыз үшін саған алғысымыз шексіз, Димаш, барлық ісіңе сәттілік, қуанышыңмен бөліскеніңе рақмет", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Димаштың мінсіз денесі қыздарды естен тандырғанын жазған едік.

Одан бөлек, Димаш Құдайбергенмен бірнеше жыл бойы етене жұмыс істеген Алпамыс Шәрімов айырылмас досымен жолдары не себепті екіге бөлініп кеткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876215-dimas-dzeki-canny-zaa-filmine-arnalgan-saundtrekti-oryndady.html